• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №508

543 рет
көрсетілді

2014 жылғы 5 желтоқсан,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын  бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-қықықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.СӘРІНЖІПОВ. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі _____________ Е.Ыдырысов 2014 жылғы 30 желтоқсан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №508 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары 1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері жүргізеді. 3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер есепке қою үшін шетелдердегі мекемелерге келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға орай «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты; 2) оларды есепке қою туралы жазбаша өтініш (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін және туған жерін, төлқұжат нөмірін, кім және қашан бергенін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған); 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фотосуреті бар толтырылған есепке алу карточкасы. 4. Консулдық лауазымды тұлға құжаттар берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдіруші ретінде оларды есепке қойып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді. 5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған белгіленген нысанға сай келмейтін жағдайда шетелдегі мекемелер құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 6. Шетелдік жіберген кемшіліктерді жойғаннан кейін құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады. 7. Есепке алу карточкалары алфавит тәртібімен «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер» бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады. 8. Есепке алынған шетелдіктер туралы ақпарат жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орғанға әрі қарай жолдау үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жіберіледі. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларына 1-қосымша Нысан Агенттік атауы (ресми бланкіде) Мекенжай: тел: «____» _____ 20___ ж. № ______ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы Қолдаухат «____» (халықаралық агенттік атауы, ____ ж. «____» лицензия нөмірі ______ , ҚР аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды. Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді. Лауазымды тұлғаның қолы Т.А.Ә.__________________ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларына 2-қосымша Нысан ___________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) 3x4 Фотосуретке арналған орын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдікті есепке алу карточкасы 1. Т.А.Ә. 2. Туған күні және жері 3. Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген 3. Азаматтығы 4. Тұрғылықты мекенжайы 5. Білімі 6. Жұмыс орны 7. Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә. (бар болса) 8. Күні және туған жері 9. Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген 10. Азаматтығы 11. Тұрғылықты мекенжайы 12. Білімі 13. Жұмыс орны Қолы ________________ 20__ жылғы «____» __________ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларына 3-қосымша Нысан 20__ ж «_____» ___________ №_____ АНЫҚТАМА Осымен ________________________________________ азаматы/азаматшасы (елдің атауы) Т.А.Ә. (толық) ____________________________________________________ Туған күні________________________________________________________ Т.А.Ә. (толық) ____________________________________________________ Туған күні ________________________________________________________ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген тұлға/тұлғалар ретінде есепке алынғандығын растаймыз. Консул қолы Т.А.Ә.(бар болса)_____________ Мөрге арналған орын (шетелдегі мекеме) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10186 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар